Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыны

168

Маңғыстау облысы Батыр ауы­лы­ның тұрғыны Бекен Қаржау­баев экзотикалық құс өсірумен айна­лы­сады. Бүгінде оның фермасында ерек­ше құс­тардың қырыққа жуық түрі бар. Африкалық, ауст­ра­лия­лық түйеқұс, тауыс, қырғауыл, күр­кетауық сияқты құстарды ба­ғып, табыс көзіне айналдырған ол бір жағы­нан әке кәсібін жалғастырса, екін­шіден туған жерін­дегі туризмді да­мытуға үлесін қосып отыр.

Бекен Қаржаубаев шаруашылық жұмысын алдымен әкесі бас­тағанын айтады. Ал шетелде білім алған өзі құс өсіремін деп мүлде ойламапты.

Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыны

«Әкем алғашында денсаулыққа пай­далы деп өзіне жиырма шақты бө­­дене сатып алған. Бұл құстар бір­тін­деп көбейе бастаған соң қызығып, түйе­құс алды. Мен ол кезде Алматыда жұ­мыс істейтінмін. Содан «бірігіп, биз­­нес бастайық» деп мені шақырды. Бі­рақ құс бағу туралы мүлде хабарым жоқ еді. Сол кезден бастап біздің өңір­­­­де қандай құстарды өсіруге бо­ла­­тынын зерттеп, түрлі қожалық­тар­ға барып тәжірибе жинадық. Сөйтіп, 5 түйеқұсты Ресейден алып, ары қа­рай өзіміз көбейтіп алдық. Ұзақ жол­дан қиналып қалғаны болмаса, жер­­гілікті климатқа тез бейімделді. Жер­­сіндіру қиын болмады», – дейді кә­сіп­кер.

Бұл – әзірге Маңғыстау өңі­рін­дегі жал­ғыз ферма. Мұндағы құс саны 8 мыңға жуықтайды. Фер­ма­дан африкалық түйеқұс, күрке­тауық, бөдене, үнді тауысы, қытай қыр­ғауылы сияқты сирек кездесетін құс­тарды кездестіруге болады. Мұ­най­лы өңір тұрғыны бүгінде құс еті мен жұмыртқасын сатып, табыс тауып отыр. Жергілікті нарықта құс еті­не сұраныс жоғары. Көбіне қа­ла­дағы дүкендер мен мейрамханаларға, ба­­зарға, су­­пер­мар­кет­­терге өт­кі­зеді екен.

Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыны

«Негізгі табыс кө­­зі­міз – үй құс­тары­ның етін сату. Тауық, үй­рек, күр­ке­тауық, қаз, бөдене және қыр­ғауыл еті жақсы өтеді. Күтіміне, жыл мез­гілдеріне қарай әр­түрлі мөл­шерде ет береді. Сатып алу­шылар соған сай тап­сырыс беріп жатады. Құстардың ар­тылғанын мау­сымға қа­рай сатуды жо­л­ға қойғанбыз. Көп құсты бірден са­тып алатын адам­дар да бар. Негізгі жұ­­мысымыз құс еті мен жұ­мырт­­қа­сын өндіру бол­ған­дық­тан, осы істі ары қарай жалғас­тыра бе­реміз», – дей­ді Бекен Қар­жау­баев.

Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыныКәсіпкер фермадағы құстар мен жануарлардың күтіміне ерек­ше көңіл бөледі. Айтуынша, қора жы­лы болса, құстар жақсы жұмырт­қа­­­лайды. Сонымен қатар құстардың мі­нез-құлқына да мән берген жөн. Мә­селен, бөдене қораға бөтен адам кір­се немесе басқа да бір жағдай бол­са стресс алуы мүмкін.

«Бөдене қарауға бір адам керек. Олар­дың стреске бой алдырмауына мән береміз. Өйткені стресс алса, аз жұ­­­мыртқа туады. Ал ондай жағдай бол­­маса, көп жұмыртқалайды. Орта есеп­пен күніне 1000 – 1200 жұ­мырт­қа ала­мыз. Оны емге ши­­­кілей ішіп жата­ды. Ас­қа­занға, қан қысымын рет­теу­ге пай­дасы бар. Не­гізі, бұл құс екі айын­­­да жұ­мыртқа береді», – дейді фер­мер.

Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыныҚұс өсірушінің ай­туын­ша, жасы үл­кен түйе­құс­ты баптау оңай болса, ба­ла­панын өсіру үшін біраз күтім қа­­­жет. Бұл құс бір жылда 50 санти­метрден екі жарым метрге дейін өсе­­тіндіктен ақуызбен және каль­ций­­мен жақсылап қоректендіру ке­рек. Түйеқұстың еті ақуызға бай. Ал жұ­мыртқасының үлкендігі сон­ша, пі­сіргенде біреуінің өзі он адам­ға же­теді екен. Жалпы, фер­мер экзо­ти­калық құстардың еті мен жұмырт­қа­сы пайдалы екенін айтады. Мысалы, түйеқұстың еті мен жұ­мырт­қасын спорт­шылар мен сырқаты бар жан­дар диеталық ас ретінде тұтынады екен.

«Етке өсіретін болсаңыз, қым­бат­қа шығады. Құстардың жемін өзіміз дайындаймыз. Себебі елімізде түйе­құсқа құрама жем жасайтын зауыт жоқ. Біреуі күніне 4-5 келі жем жейді. Ба­лапандары мен жұмыртқасын жыл­да сатамыз. Жеуге арналғаны мен балапан басатын жұмырт­қа­сының бағасында біраз айыр­ма­шы­лық бар. Негізі, түйеқұстың жұ­мырт­қасы өте қымбат», – дейді құс өсіруші.

Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыныДемалыс күндері құс фер­ма­сына мектеп оқушылары мен ме­кемелер үшін арнайы саяхат ұйым­дастырылады. Экскурсияға кел­гендер құстарды тамақтандырып, құс етінен жасалған тағамдардан дәм та­та алады.

«Экскурсияға келетін жандардың на­зарын бірден өзіне аударатын құс – үнді тауысы. Бұл құстар жергілікті кли­матқа тез бейімделді. Сонымен қа­тар аустралиялық эму түйеқұсын әкел­геннен кейін фермаға саяхат­тау­шылар саны күрт көбейді. Бұдан соң мектептерден ұсыныс түсе бастады. Осылайша, туризмге бет бұрдық», – дей­ді кәсіпкер.

Африканың экзотикалық құстарын өсіретін Маңғыстау тұрғыны

Эльмира ЖАҚСЫБАЙҚЫЗЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.