Эвакуаторға тиелген көлікке жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынды

306

Қостанайда эвакуаторға тиелген жеңіл көлікке айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 12 ақпанда болған. Көлік иесінің айтуынша, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үстінде болған. Оның үстіне, бұны камераның өзі де түсіріп алған.

«Түбіртекте көлік бірінші айыппұлда сағатына 13 шақырымға, екіншісінде 12 шақырымға жылдамдықты асырғаны көрсетілген. Әрбір тәртіп бұзу үшін айыппұл 17 250 теңге болады. Бұл ретте айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады. Онда сома 8625 теңге болады» деп жазды басылым.

https://turkystan.kz/article/213439-evakuatorga-tielgen-kolikke-zhyldamdykty-asyrgany-ushin-ayyppul-salyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.