Нұржан Нұржігітов: Әр отбасының тұрақты табысы болуын қамтамасыз ету керекпіз

108

Әр отбасының, әр ауланың тұрақты табысының болуы маңызды. Ол үшін жергілікті жерлерде тек бюджет есебінен ғана емес, инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, жаңа жұмыс орындарын ашу керек. Тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту арқылы олардың көптеген әлеуметтік мәселелерін шешуге жол ашылады. Бұл туралы Меркі ауданына жұмыс сапары барысында ауыл тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Нұржан Нұржігітов баса айтты.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес облыс әкімі бұл жолы Меркі ауданына қарасты Ақтоған және Т. Рысқұлов ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.

Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты.

Алдымен Ақтоғайда өткен кездесуде округ әкімі Данияр Абдіразақ өткен жылы атқарған жұмыстарының қорытындылары мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Екі елді мекеннен тұратын округ аумағында «Тілеміс батыр» ЖШС мен 85 шаруа қожалығы және 57 жеке кәсіпкер тіркелген. Сонымен қатар, ауылдық дәрігерлік амбулатория, медициналық пункт, ветеринариялық пункт, мәдениет үйі, екі мектеп, шағын орталық пен жеке меншік балабақша, «Қазпочта» бөлімшесі тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Ауыл бойынша жалпы жердің көлемі 12639,9 гектар. Егістік жердің аумағы 5779,9 гектарды құрайды десек, ол толығымен игерілуде. Бұған дейін 9 қой шаруашылығы мен 6 МІҚ шаруашылығы субсидия алып, жұмыстарын жүргізуде. Есепті кезеңде 62200,0 мың теңгеге 11 дана түрлі ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған.

Сұрақ-жауап кезегінде өңір басшысы тұрғындарды толғандырып жүрген түрлі салаға қатысты сауалдарға облыс көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып жауап берді. Ауылдықтар жер, көшелерді жарықтандыру, жайылым, газ, экологияға қатысты мәселелерді көтерді. Т. Рысқұлов ауылдық округінде өткен кездесуде де аймақ басшысы тұрғындардың өзекті сауалдарына жауап беріп, кейбір жайттар бойынша жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

— Барлық сұрақтар назарға алынады. Жергілікті билік мәселелерді шешу бағытындағы жоспарлы жұмыстарды жалғастыра береді. Даму жоспары аясында атқарылатын шаралар ел игілігіне негізделген.

Ауыл әкімдері әр ауланың табысының болуына айрықша мән беруі тиіс. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын ашып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға күш салу керек.

Бұл тұрғыда тұрғындардың жергілікті билікке деген сенімі аса маңызды. Екі жақтан ортақ жауапкершілік болуы қажет.

Қандай жағдайда да заңдылық пен тәртіп, қоғамдық келісім сақталуы тиіс,-деді Нұржан Нұржігітов.

Кездесулерден соң облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

 

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.