119 жұмыс орны ашылады деп көзделуде

94
Бүгін аудан әкімі Ернар Есіркеповтің төрағалығымен инвестициялық штабтың отырысы өтті. Кеңес барысында бірқатар ұсыныс-жобалар қаралды.
Жиында инвестиция тарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы
аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Тастанов Сақтасын Әбенұлы баяндама жасап, тоқталып өтті. Аудан аумағында 2022-2025 жылдары аралығында іске асырылатын инвестициялық ірі және шағын жалпы құны 66,5 млрд. теңгені құрайтын 79 жоба жоспарланған. Өткен жылы құны 411,7 млн. теңгені құрайтын 21 жоба іске асырылып, нәтижесінде бүгінгі күнге 92 жұмыс орны ашылған. Биыл тағы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын 28 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Сәйкесінше 119 жұмыс орны ашылады деп көзделуде.
Тұрар Рысқұлов ауданының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.