Қырғыз елінде жер сілкінісі болды

76

Қырғыз елінде магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды деп хабарлады turkystan.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер сілкінісі бүгін Алматы уақытымен 11 сағат 24 минут 12 секунд кезінде тіркелді.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында болған. Зілзаланың энергетикалық санаты – 9.9. MPV магнитудасы – 4,5. Тереңдігі – 10 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», – делінген хабарламада.

https://turkystan.kz/article/213147-kyrgyz-elinde-zher-silkinisi-boldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.