«Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының облыстық кезеңі

1 463
 Бүгін ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы және Абай атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында М.Мақатаев оқуларының облыстық кезеңі өтті.
М.Мақатаев оқуларының мақсаты — оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге, ой пікірлерін ғылыми тұрғыда дәйекті жеткізуге баулу.
Байқау үш номинация бойынша өтті.
1. «Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясында үміткер М.Мақатаев шығармашылығынан жатқа білетін өлеңдерінің тізбесін әкеліп алдын-ала әділ-қазыларға ұсынады. Әділ-қазылар тізбенің кез-келген жерінен 2-3 өлең ұсынуы мүмкін. Үміткердің жатқа білетін өлеңдерінің санына және мәнерлеп көркемдеп оқылуына баға қойылады.
2. «Жыр эстафетасы» номинациясында үміткер «Райымбек, Райымбек», «Алтай-Атырау», «Аққулар ұйықтағанда» поэмаларын толық жатқа білуі тиіс. Қатысушылар жеребе тарату арқылы жоғарыда көрсетілген поэмалар бойынша топқа бөлінеді, таңдауға түскен поэманы жатқа айтудан өзара сынға түседі.
3. «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды…» номинациясында оқушы өз шығармашылығынан үш-бес шумақтан аспайтын бір өлеңін (кітапшасын ұсынады) әділ-қазылардың нұсқауымен және ақынға арнаған туындысын оқиды. Оқушы өз шығармасын жатқа оқуы шарт.
Облыстық байқауға жалпы білім беру ұйымдарынан 43 оқушы қатысып, өзара сайысқа түсті.
М.Мақатаев оқуларының шешуші кезеңінде әр номинация бойынша
7 жүлделі орын белгіленді. Нәтижесінде 20 оқушы жеңімпаз атанды, оның ішінде бас жүлдені — 3 оқушы, І орынды – 3 оқушы, ІІ орынды – 6 оқушы, ІІІ орынды – 10 оқушы иеленді.
Бас жүлдені иеленген төмендегі үш оқушы Мақатаев оқуларының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.
— СҮНДЕТ ҰЛПАН — Байзақ ауданы №1 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
— РАХАТОВ ДИЯСБЕК — Қордай ауданы №26 Ж.Жабаев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы;
— ҚАНАТ НҰРҒАНАТ — Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушысы.
Сонымен қатар, байқауға қатысып терең білімімен ерекшеленгені үшін оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.
⚜️ Жүлдегерлерді жеңісімен құттықтап, республикалық кезеңге қатысушы оқушыларға сәттілік тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.