ТҰРҒЫНДАР ПІКІРІ НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

106
 

Өткен аптада «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық ардагерлер кеңесінің пленумы өтті.
Онда 2021-2022 жылдары аудандық ардагерлер кеңесінің атқарған жұмыстары жайлы кеңес төрағасы Серік Ермеков баяндама жасады. Сондай-ақ аудандық ардагерлер ұйымдарының 2022 жылғы шілде, тамыз айларында өткен есеп беру жиналыстарында ауыл тұрғындарының айтқан ұсыныстарының орындалу барысы туралы аудандық кеңестің мүшесі Жұманғали Құмғанбаевтың хабарламасы тыңдалды. Онда ауыл тұрғындарының пікірлері назарға алынып, халық тарапынан айтылған мәселелердің орындалуы жайлы айтып өтті.
Сонымен бірге  ауыл, ауылдық округтерде ардагерлер тарапынан ұйымдастырылып жатқан әлеуметтік мәселелермен айналысатын комиссиялардың жұмыстарын жандандыру, ауылдық округтерде ардагерлер кеңестерімен бірлесе отырып жастармен жұмысты жақсарту, оларды ұлттық рухта тәрбиелеу, еңбекқорлыққа баулып, жұмыссыздарды ауылшаруашылық жұмыстарына бағыттау бойынша жүзеге асырылып жүрген ілкімді істер бойынша Серік Балабеков және Серік Кенбаевтар хабарлама жасады.
Жиын соңында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға ардагерлердің қосып отырған үлесіне тоқтала келе,  ауыл және ауылдық округтерде семинар-кеңестердің кестесін құрып, ел игілігі үшін жұмыстар атқару керектігін жеткізді.
Пленум жұмысына аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова, ауылдық ардагерлер кеңесінің және Билер кеңесінің төрағалары, ардагерлер қатысты.

«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.