ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ — ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ ТАПТЫРМАС ТЕТІГІ

184
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр Жолдауында инвестициялық саясатты іске асырудың шаралары мен басымдықтары айтылады. Осы мақсатта облыс әкімі Н.Нұржігітов аудан әкімдеріне инвестиция тарту бойынша нақты тапсырмалар беріп, инвесторлардың қажеттіліктеріне басымдық беруде.
Аудан әкімі 2023 жылда инвестиция тарту бойынша нақты іс-шаралар жоспарын бекітіп, жұмыспен қамту саласына мемлекеттік гранттарды жүйелеп, жобаларды бағыттау жөнінде тапсырма берді.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша мемлекет тарапынан берілетін субсидиялар мен жеңілдетілген несиелерді тиімді пайдаланып, жұмыс орындарын, ауыл-шаруашылық өнімдерін көбейтуді тапсырды.
Сонымен бірге, бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Қазақстан Республикасының мұнайгаз құрылымы нарығында жетістікке қол жеткізген және ілгері дамушы өндірістердің бірі болып саналатын «САУТС-ОЙЛ» ЖШС компаниясының Президенті Серікжан Сейітжановпен Шымкент қаласындағы бас офисінде кездесіп, ауданда жүзеге асырылған және алдағы уақытта тартылатын инвестициялық жобалар бойынша біраз мәселені талқылап, жоспарлармен бөлісті.
Шымкент қаласындағы ірі кәсіпкерлермен кездесіп, ауданға әр сала бойынша инвестиция тарту жолдарын талқылап, тың жобалар мен ұсыныстары болса бірге жұмыс істеуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.