Атырауда сәбилерге арналған хиджама (қан алу) процедурасы резонанс тудырғаннан кейін қазақстандықтар мұндай айла-шарғыны балаларға жасауға тыйым салу туралы петиция бастап, жаппай қол қойып жатыр деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Хиджама – бұл қан шығару процесі, ол теріні тілу арқылы жасалады. Бұл әдіс ортағасырлық медицинада танымал болған, бірақ қазіргі дәлелді медицинада бұл процедураға жүгіну өте шектеулі.
Денсаулық сақтау министрлігі хиджама лицензияланған медициналық көмекке жатпайтынын растады. Соған қарамастан, хиджамамен айналысатын дәрігерлер қызмет көрсетуді және соның ішінде балаларға да ұсынуды жалғастырып отыр.
Бір топ қазақстандық медицина саласының мамандары мен ғалымдары Денсаулық сақтау министрлігін баламалы медицина тәжірибесі мен хиджаманы қолданумен байланысты әрекеттерді, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты осы тәжірибені қолдануды реттеуге араласып, шара қолдануға шақырған петиция бастады.
Екі күн ішінде оған 11 мыңнан аса азамат қол қойған.https://turkystan.kz/article/212433-kazakstandyktar-balalarga-arnalgan-hidzhamaga-karsy-petitsiya-zhariyalady/