Биыл Қазақстан 72 млн тонна мұнай экспорттайды

96

Биыл Қазақстан 90,5 млн тонна мұнай өндіреді. Оның 72 млн тоннасын экспортқа жібереді деп хабарлады turkystan.kz.

Энергетика министрі Болат Ақшолақов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде осылай мәлімдеді.

«2023 жылы мұнай өндіруді 90,5 млн тонна, ал мұнай экспортын 71 млн тонна деңгейінде қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мұнай айналымын бақылау үшін мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды. Ол бүгінде мұнай айналымының 95%-ын бақылауға мүмкіндік береді», – деді министр.

https://turkystan.kz/article/212199-biyl-kazakstan-72-mln-tonna-munay-eksporttaydy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.