Ақмола тұрғыны көкнәрден есірткі жасаған

106

 Полиция Ақмола тұрғынынан аса ірі мөлшерде экстракциялық апиын тәркіледі, деп хабарлады turkystan.kz polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Бурабай ауданы ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері 25 қаңтар күні бұрын сотталған Щучинск қаласының 38 жастағы тұрғынын ұстады. Ол жұмыс орнында тағамға қосатын көкнәрден экстракциялық апиын жасап, оны өзі пайдаланған.

Күдікті қонақүйлердің бірінде ағаш ұстасы болып жұмыс істеген. Тәртіп сақшылары есірткі жасауға арналған ыдыстарды, дайындалған апиын салынған полимерлі бөтелкелерді, сондай-ақ инелерді тәркіледі. Сараптама тағайындалып, экстракциялық апиынның көлемі 2,5 литрден асатыны анықталды.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды (есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау).

Leave A Reply

Your email address will not be published.