Аграрлы аймақтың әлеуетіне қанықты

118
Бүгін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жұмыс сапарымен ауданға келіп, ауданның 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарымен танысып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.
⚜️Қанатбек Қайшыбекұлы өз сөзінде, Жуалы ауданының даму жоспарына ауыл шаруашылығы саласына қатысты жобаларды енгізуді тапсырып, таулы өңірде мал шаруашылығымен қатар, тұқым шаруашылығына да терең мән беріп, тиісінше аудан шаруалары егістік алқаптарға элиталы және I, II репродукциялы тұқымдарды егудің пайдалы тұстарына кеңінен тоқталды.
⚜️Сонымен қатар, ауылдық жерлерде өнімді терең өңдейтін шағын цехтардың санын арттыруды, ауыл шаруашылығы тауарларының бағасын тұрақты ұстап тұру үшін сыйымдылығы жоғары қоймалар салуды (ол үшін мемлекет тарапынан субсидия беріледі) тапсырды.
Мұртаза Жалғас, Жуалы ауданының әкімі

Leave A Reply

Your email address will not be published.