Бүгін, 26 қаңтарда Бангкокта өтіп жатқан Азия чемпионатының ерлер арасында финалдық айқастары өтеді деп хабарлады turkystan.kz Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
22 жасқа дейінгілер арасындағы құрлықтық турнир алтыны үшін алты қазақ боксшы айқасады. Бірінші жұпта Санжар Тәшкенбай өзбекстандық Шодиержон Меликузиевпен 48 келідегі алтынды сарапқа салады. Одан кейін 54 келіде Нұрсұлтан Алтынбек филиппиндік Флинт Джаромен айқасады (3-жұп).
Төртінші жұпта Махмұт Сабырхан (57) өнер көрсетеді, қарсылас таиландтық Саравут Суктхет. Жетінші жұптан қайтадан Қазақстан – Өзбекстан текетіресі басталады – Абзал Серік 67 келіде Бехзод Хамидовпен жұдырықтасады.
Одан кейін Сабыржан Аққалықов (71) Нурислом Исмоиловпен кім мықтыны анықтайды. Бұл сегізінші жұп. Ал Қазақстан құрамасынан рингке соңғы шығатын (9-жұп) Диас Молжігітов (75) Алохон Абдуллаевпен жекпе-жек өткізеді.
Трансляция Астана уақытымен 13:00-де басталады.