Дауыл салдарынан қатты бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу-құрылыс жұмыстары басталған болатын.
Қазір 2 нысанның жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
Олар, «Алтын Орда» ЖШС-і жұмысын жүргізген Жаңатас қаласындағы М. Әуезов мектебінің және «Кейс нұр» ЖШС-і жөндеген Сарысу аудандық орталық аурухананың әкімшілік корпусының жөндеу жұмыстары.
Өзге нысандарға жүргізіліп жатқан жұмыстар таяу күндері аяқталуға жақын.
Барлық нысандардағы құрылыс жұмыстары тиісті жұмысшылармен және техникалармен қамтамасыз етілген.