Талғат Сырымбетов Азия чемпионатында жүлдегер атанды

89

Қазақстандық боксшы Талғат Сырымбетов Бангкоктағы бокстан 22 жасқа дейінгі Азия чемпионатында алғашқы жекпе-жегін өткізді деп хабарлады turkystan.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сырымбетов турнирдегі кездесуін ширек финалдан бастады. Оған тәжікстандық Абубакр Муродзода қарсы шықты. Бұл жекпе-жек төрешілердің шешімімен қазақстандықтың жеңісімен аяқталды. Үшінші раундта Сырымбетов нокдаун алды.

Осылайша, Талғат Сырымбетов құрлық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, өзіне кем дегенде қола жүлдені қамтамасыз етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.