ОБЛЫСТА ЖРВИ-МЕН АУЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 21 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

527
Өңірде өткен аптада ЖРВИ-нің 9 292 жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш соңғы уақыттағы жағдаймен салыстырғанда 21 пайызға арта түскен. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова осылай деді.
❗️ Облыста тұмаудың алғашқы жағдайлары қазан айының басында тіркелді. Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері зертханалық жолмен расталған тұмаудың 72 жағдайы анықталса, оның ішінде 10 жағдай А типті, В типті 62 жағдай расталып отыр. Жалпы, 2022-2023 жылғы маусымның өткен кезеңінде, яғни өткен жылдың 1 қазанынан ағымдағы жылдың 15 қаңтарына дейін ЖРВИ-мен 162 580 науқас қаралды. Ем алушылардың 66 пайызын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды, — деді Неили Орынбасарқызы.
©️©️©️
✅ Спикер сондай-ақ аурудың алғашқы белгілері пайда болған сәттен бастап білікті дәрігерлердің көмегіне жүгіну қажеттігін атап өтті. Ол өз сөзінде науқастың үй жағдайында өзін-өзі емдеуі кері әсерін тигізетін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.