Қырғызстаннан келген көліктерді заңдастыру: Ішкі істер министрлігі түсіндірді

201

ҚР Ішкі істер министрлігі Қырғызстаннан әкелінген көліктерді заңдастыруға қатысты түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Заңдастыруға қатысты ҚР ІІМ ТЖК ТҚК АІЖБ-нің аға инспекторы Алтынбек Жамалиев жауап берді.

Ол Қырғызстаннан алып келінген көліктер міндетті тіркелуге жататынын баса назарға ала отырып айтты.

«2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Қазақстанға Қырғызстаннан әкелінген автокөліктер Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңдастырылуға жатады. Әр жағдайда заңдастыруға өтініштер жеке қаралады. Автокөлік іздестіру базаларымен, бірыңғай көлік құралдарымен салыстырылады. Кедендік ресімдеу үшін ЕАЭО кедендік базасы қолданылады.

Айта кетейік, Қырғызстанда осы мемлекеттердің аумағында пайдалануға арналған көптеген автокөліктер ЕАЭО-да көзделгеннен төмен мөлшерлемелер бойынша кедендік ресімдеуден өткен. Осыған орай, қажет болған жағдайда тексеруден кейін қосымша кедендік ресімдеу бойынша қосымша ұсыныстар беріледі», –  деді аға инспектор.

Leave A Reply

Your email address will not be published.