ӨҢІРІМІЗДЕ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОЗУЫН КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙТУ ЖОСПАРЛАНУДА

125
 Бүгінде ел Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасына тариф белгілеу саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша түзетулер әзірлеуде. Оған Мемлекет басшысының өткен жылдың 1 қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауындағы негізгі тапсырмалар себепкер болды. «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу тақырыбы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитететінің облыс бойынша департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Бек Момбаев осылай деді.
❗️ — Президент Жолдауында табиғи монополиялар саласын реттеудің мүлдем жаңа тұжырымдамасы – «инвестицияларға айырбас тарифі» ұсынылған болатын. Осыған байланысты, Үкімет Қазақстан Республикасының заңнамасына тариф белгілеу саласындағы реформаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша түзетулер әзірлеу үстінде. Бүгінде біз коммуналдық қызметтердің сапасы мен сенімділігіне әсер ететін желілердің жоғары тозуына куә болып отырмыз. Осы мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша желілердің тозуын кезең-кезеңімен кем дегенде 15 пайызға азайту жоспарлануда, — деді Бек Төлендіұлы.
©️©️©️
✅ Спикер сондай-ақ тұтынушыларға қызмет көрсету кезінде жетім желілер мәселесі өзекті болып қала беретінін де атап өтті. Бұл мақсатта табиғи монополиялар субъектілерінің иесіз желілерді теңгерімге немесе сенімгерлік басқаруға қабылдау тетігі әзірленген екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.