Дәмхана мен мейрамханада қызмет көрсеткені үшін алынатын 10 пайыздық ақыны төлеуден бас тартуға бола ма?

258
Қазір тамақтану орындарының барлығында даяшылардың көрсеткен қызметі үшін көпшілік 10-15% көлемінде ақша төлеп жүр. Дегенмен мұндай төлем жайлы еш жерде жазылмаған.
Заңгерлердің сөзінше, тұтынушыға осындай қосымша ақшаны міндеттеп төлету туралы заң да, ереже де жоқ. Сондықтан дәмханаға барған азамат бұл ақыны төлемеймін десе де өз еркі.
“Кафелер қосымша ақы алатыны туралы алдын ала хабарлауға міндетті. Бұл мәзірде немесе кейбір белгілерде көрсетілуі керек. Сонымен қатар пайыздық мәнде көрсету заңсыз болып табылады. Қызмет құнын теңгемен көрсетуге міндетті”, – деді заңгер Әйгерім Ілиясова.
Заңгерлердің айтуынша, егер дәмханалардағы қызмет сапасы тұтынушының көңілінен шықпаса, төлеген қосымша ақысын сот арқылы өндіруге де болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.