Қазақстандық Сәрсенбай Қотырашев елді тағы бір тың дүниесімен таң қалдырды. Ол бұл жолы жер шарын жаяу аралап шықпақ.

173
72 жастағы қарияның бұл қадамы әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырмай қоймады. Өйткені жасы келсе де ол бұған дейін Қазақстанның барлық жерін жаяу аралап шыққан болатын. Бірақ оның жеткен жетістігі бұл емес екен. Келесі кезекте ол жер шарын жаяу аралап өтпек. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы өз өмірімде жаңа қадам бастап, жаяу жүріп өттім. Жүрген жерімде мені таң қалдырған, қуантқан және көптен бастан кешірмеген ерекше эмоцияларға көз жеткіздім. Бірінші экспедициям сәтті аяқталды. Бұл сапарымда жоспарлаған мерзімнен бұрын көздеген межеге жеткен сәтті жетістік болды. Мен 72 жыл ішінде алғаш рет туған еліміздің көптеген көрікті жерлерін аралаппын. Ендігі кезекте, мен оның шеңберінен шығып, жер шарын айналып шығуды жөн көрдім. Өйткені бір жолдың соңы — қашан да жаңа жолдың басы», — деп жазды Сәрсенбай Қотырашев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.