Алакөлге көлігімен бірге батып кеткен жүргізуші табылды  

143

Мұз ойылып, көлге батып кеткен адамның денесі 28 метр тереңдіктен табылды деп хабарлады turkystan.kz.

Ол су астында көлігімен бірге бір тәулікке жуық уақыт жатқан.

13 қаңтада сағат 15:10 шамасында қасында жолаушысы бар НИВА маркалы көліктің жүргізушісі қатқан Алакөл үстімен жүріп өткен. Сол кезде мұз жарылып, көлік суға кеткен. Көліктегі жолаушы сыртқа шығып үлгерген. Ал жүргізуші көлік салонынан шыға алмай, суға батып кетті, – делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Іздеу жұмыстары барысында 14 қаңтарда сағат 11-де Абай облысының құтқарушылары суға батқан адамның денесін 28 метр тереңдіктен жер бетіне алып шықты.

Айта кетейік, құтқару жұмысына ҚР ТЖМ РҚҰ-ның Абай облысындағы 4 қызметкері, 1 техникасы, жергілікті атқарушы органның 25 адамы мен 6 техникасы тартылды.https://turkystan.kz/article/210292-alakolge-koligimen-birge-batyp-ketken-zhurgizushi-tabyldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.