Көне Тараз самаладай жарқырайды

222

Биыл шаһардағы 88 көше жарықтандырылады

Былтыр бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 180,0 миллион теңге қарастырылып, 30 көшеде тиісті жұмыстар атқарылған болатын. Оның ішінде 11 көше бойынша жарықтандыру жұмыстары толық аяқталды. Мердігер – «Сигрост» ЖШС. Ал 19 көшеде монтаждау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары рәсімделуде.
68 көшеге жарық орнату жұмыстарына 500 342 733 теңге көлемінде қаржы қаралды. Нақты айтқанда, Чехов 2-ші бұрылыс, Химик, Воинская, Чернышов, Сухамбаев 3-бұрылыс, Смаилов бұрылысы, Ақкөз батыр, Болатов, Жаңасаз, Бұқар жырау, Смаилов 1-бұрылыс, Алатау, Овсянников, Акмолинская, Жетісу, Медеу, Барыс, Ақбастау, Байтақ, Жихангер, 2-ші Степная, Көшеней, Лазеров, Пирогов, Құлжабаев, Дальная, Гончаров, Шмидт, Заводская 2,3, Строительная 3-бұрылыс, Стариков, Байқоразов, Цветочная бұрылысы, Строительная 4,5,7,8,9 бұрылыстары, Заводская, Уәлиханов 4-бұрылыс, Рахмати, Қасымбеков, Өтеулиев, Қарахан, Өтеулиев бұрылысы, Железнодорожная, Менделеев, Народная, Әбдіров, Дачная, Майлықожа, Домалақ ана, Бебель, Түрксіб, Комаров, Лобачевский, Кутузов (Райымбек батыр), Толстой, Тухачевский, Мусоргский, Молдарбеков, Молдарбеков тұйығы, Уездная (проезд), Комаров, Сарымолдаев, Есенин (Шалғай Қарасу), Лукманов көшелерін самаладай жарқырату жоспарда тұр.
Алдыңғы жылы бөлінген қаржының экономиясы есебінен қосымша 20 көшеге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, жеңімпаздар бүгінгі күнге анықталды. Конкурс нәтижесі бойынша «Арсенал» жеке кәсіпкерлігі 8 көше бойынша келісімшарт жасап, монтаждау жұмыстарын бастады. Шартқа сәйкес, жұмыстар ағымдағы жылдың наурыз айында аяқталуы тиіс.
Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл барлығы 88 көше жарықтандырылады. Көпшілік арасында «Бұл көшелер қалай жоспарға енді?» деген заңды сұрақ туындауы мүмкін. Негізі, жарықтандыру жұмыстарында бірінші кезекте мектепке, балабақшаға, денсаулық нысандарына баратын және қоғамдық көлік жүретін көшелер кірмек. Енді мемлекеттік сатып алу конкурстары аяқталса, монтаждау жұмыстары басталады. Дегенмен конкурстың нәтижесі мен жұмыс барысына орай, жоспарға енген көше тізімдеріне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Құрмаш Қаптағай

Leave A Reply

Your email address will not be published.