ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРДІ НАЗАРҒА АЛДЫ

229
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралұлы Көлқайнар, Қарой ауылдық округтерінің тұрғындарын қабылдап, олардың талап-тілегін назарға алды.
Қабылдауға келген Үсен Байболов, Болат Қойшұғылов, Қанат Алтаев жеңілдетілген жолмен несие алып, кәсіп ашуға қандай бағдарламалар бар екенін сұраса, Жамбыл ауылының тұрғыны Амантай Билібай ауылдағы жайылым, көше жарығы, мектептегі кадр мәселесін көтерді. Ал көлқайнарлық Айман Қалдыбаева ауылдағы су мұнарасындағы қарауылға жұбайын орналастыруға ықпал етуін өтінді.
Тұрғындардың ұсыныс-пікірін мұқият тыңдаған Ерлан Қыдыралыұлы бірқатар мәселе бойынша жұмысшы топ құрып, зерделеу жүргізетінін айтып, нақты жауаптар берді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары Ербол Жиенқұлов, Нұрлан Несіпбеков аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев және тиісті ауылдық округтердің әкімдері мен бірқатар бөлім басшысы қатысып отырды.
Жамбыл ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.