Қазақстан Қытаймен шекарасын жабуы мүмкін бе?

94

Денсаулық сақтау вице-министрі, мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова Қытаймен шекараны жабу туралы мәселенің жоспарда жоқ екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, әлемде қазір коронавирус штамының «омикрон» және басқа да түрлері тарап жатыр.

«Әлемде кез келген елге шығу және кіру бойынша шектемелер жоқ, алып тастаған. Қазақстан да соның ішінде бар. Бұл Қытайға да қатысты. Бізге мәлім болғандай, қазір Қытайда коронавирустың «омикрон» түрі тарауда. Сондықтан Қазақстаннан кез келген елге шығуға, қайта елге кіруге қатысты ешқандай шектеу жоқ және Қытай үшін де солай», – деп жауап берді вице-министр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.