АУДАН ӘКІМІ СОҒЫС АРДАГЕРІН ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

120
Аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Лаврентьевна Бурулеваның шаңырағына барып, соғыс ардагерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
Еліміздің бүгінгі бейбіт заманда жеткен жетістіктерінің артында майдангерлердің ерліктері тұрғандығына тоқталған аудан басшысы жас ұрпақ мұны ешуақытта ұмытпай, мақтан ететіндігін жеткізді. Одан соң аудандағы Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз қатысушысына зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілеп, жаңа жылдық сый-сияпаттар табыс етті.
Өз кезегінде соғыс ардагері мереке қарсаңында арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан қызметтеріне абырой тілеп, алғысын жеткізді.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.