Алматыда аудан әкіміне айыппұл салынды

154

Алматыда рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгілгені үшін аудан әкімі айыппұл арқалады деп хабарлады turkystan.kz Экология департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биыл Алматыда 12 рұқсат етілмеген үйінді анықталған. Оның ішінде сегіз сауда нүктесі Медеу ауданында, сондай-ақ Түрксіб және Алатау аудандарында орналасқан.

«Департамент үш ауданның әкімдеріне, сондай-ақ Тұрғын үй саясаты басқармасы мен  Экология басқармасына хат жолдады. Анықталған үйінділерді жою жөнінде тиісті тапсырмалар берілді. 30 желтоқсандағы жағдай бойынша барлығы 12 үйінді жойылды», – делінген баспасөз хабарламасында.

Хаттардан бөлек, жоғарыда аталған әкімдіктердің лауазымды тұлғаларына айыппұлдар салынды, олардың арасында Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков те бар. Оған 300 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 344-бабына сәйкес, «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын есепке алу, орналастыру қағидаларын бұзғаны үшін», сондай-ақ «Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін» айыппұл салынды.

«Алатау ауданының әкіміне – 306 300 теңге сомасында; Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасарына – 153 150 теңге сомасында; Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары – 153 150 теңге сомасында; Медеу аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы – 153 150 теңге сомасында. Айыппұлдың жалпы сомасы 765 750 теңгені құрады», – деп толықтырды министрлік.

https://turkystan.kz/article/209003-almatyda-audan-ekimine-ayyppul-salyndy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.