2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшері – 10,5 пайызға артады

211
Ал бала тууына байланысты берілетін мемлекеттік жәрдемақы 131 100 теңге көлемінде болмақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өңір бойынша филиалы директорының орынбасары Мұхтар Алимбетов айтты.
— «Зейнетақы және жәрдемақы төлемдерін «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы №163-VII Заң жобасына сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 129847 жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушылардың зейнетақы мөлшерлері 10,5 пайызға арттырылатын болады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының жобасына сәйкес, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен 146 280 теңгені құраған болатын. Ал келер жылдың 1 қаңтарынан бастап, 55 еселенген айлық есептік көрсеткішке ұлғайып, жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 189 750 теңгені құрайды.
Сондай-ақ бала тууына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы 131 100 теңгені құрайтын болады. Баланы және ананы қолдау жөніндегі мемлекеттік саясат аясында 2023 жылдың қаңтарынан жанұяда төрт және одан да көп баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері — 217 350 теңгені құрайды, — деді Мұхтар Сембекұлы.
Брифинг барысында спикер бұл өзгеріс алдағы жылы балалары бір жарым жасқа толатын 5 994 жәрдемақы алушыларға оң әсерін тигізетінін атап өтті. Бұдан бөлек, ол өз сөзінде мүгедек баланы тәрбиелеушілерге ең төмен күнкөріс деңгейінің 1,4 пайыз мөлшерінде төленетінін жеткізді. Айта кетейік, бұл төлем мүгедек балаға төленетін жәрдемақыға қарамастан жүргізілмек.
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.