3 жасар бала жарты сағаттық операциядан кейін комаға түсті

100

Қостанай облыстық балалар ауруханасында үш жасар бала урологиялық операциядан кейін есін жимай, комаға түсті деп хабарлады turkystan.kz «Наша газета» басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 15 желтоқсанда тағы үш балаға жоспарлы ота жасалған болатын. Дәрігерлер анестезияны пайдаланды. Төрт отаның орташа уақыты 5-40 минут болған. Барлығы сәтті өтті. Бірақ екі сағаттан кейін балалар есін жимай, жата берген. Ал бірнеше сағат өткен соң, дене қызулары күрт көтерілді.

Кешке қарай үш жасар Әмірдің тыныс алуы қиындап кетті. Оған бірден реанимациялық шаралар жасалды. Артынан жансақтау бөліміне түскен, кішкентай бала әлі есін жиған жоқ.

«Мен ауруханаға сау баламды алып келдім, қазір дәрігерлердің немқұрайлығынан осындай жағдайда жатыр», – дейді Әмірдің әкесі Нұрлан.

Қалған балалар сол күні есін жиды. Ең үлкені – 4 жастағы Игорьді бір аптадан кейін үйіне жіберді.

«Олар пропофолға реакция болған шығар дейді. Тізімде ол дәрі «S.Profoli» деген атаумен тұр. Бұл препаратты наркоз кезінде еккен. Барлық инъекцияны бір ампуладан жасады. Алайда нақты ештеңе айтып жатқан жоқ», –  деп атап көрсетті Игорьдің анасы Анастасия.

Қазіргі кезде есін жиған тағы бір бала неврология бөліміне жатқызылды, үшіншісі пневмониядан ем алып жатыр. Әмір ғана есін жиған жоқ.

Әкесінің айтуынша, диагнозда «Мидағы қан айналымының бұзылуы. Уытты энцефалопатия» деп жазылған. Алайда интоксикация неден басталғаны белгісіз.

Әмірдің әкесі Денсаулық сақтау басқармасына арыз түсірді. Олар медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жіберді. Сондай-ақ, ер адам прокуратураға шағым жазды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.