САЯСИ ПАРТИЯ ЖӘНЕ ЭТНОС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

155

Еліміз саяси жағынан да белсенді бола бастады. Саяси партиялар да қоғам өміріне белсене араласуда. Біздің ауданымызда 5 саяси партияның өкілдіктері, 7 этно-мәдени орталықтар жұмыс істейді.
Бүгін аудандық кітапхананың «Коворкинг» орталығында аудандағы саяси партиялардың және этно-мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өтті.

Кездесуге аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев қатысып, сөз сөйледі.
– Бүгін Сіздермен биылғы жылдың соңында, жылдың қорытындысы ретінде бас қосып отырмыз. “Бірлік бар жерде – тірлік бар” – деген дана халқымыз. Сіздер аудан өміріне белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатырсыздар, – деген аудан басшысы М. Сұлтанғалиев ауданның саяси, мәдени және қоғамдық өміріне белсене араласып келе жатқан саяси партиялар мен этно-мәдени орталықтар өкілдеріне өз алғысын білдірді.

Бұдан кейін сөз алған саяси партиялар мен этно-мәдени орталық жетекшілері елімізде бірлік пен ынтымақ болсын деген тілектерін айтып, аудан басшыларына өз ризашылықтарын білдірді.
Әдеби сазды кешке ұласқан басқосуда этно-мәдени орталық өкілдері және мәдениет үйінің әншілері өлең айтып, жырдан шашу шашты.

Кездесу барысында аудан өміріне белсене араласып жүрген этнос орталықтары мен саяси партиялардың жетекшілеріне сый – сыяпаттар табыс етілді.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.