Партия қатары толықты

136

Бүгін «AMANAT» партиясына салтанатты қабылдау рәсімі өтті.

Партия Жамбыл облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов жұмысшы мамандықтар, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және басқа да салалардың белсенді өкілдеріне партия билетін табыс етті.

«AMANAT» партиясының мүшесі атану – үлкен жауапкершілік. Бүгінгі күні облыста партияның 53 мыңнан астам мүшесі болса, жыл басынан бері партия қатарына 1800-ден астам азамат қабылданды.

«AMANAT» партиясы – ол тек депутаттар, Парламент емес. Ол – ең алдымен ортақ идея, құндылық аясында біріккен азаматтар. Партия қатарына қабылданған азаматтардың ішінде түрлі саланың өкілдерінен бөлек жас азаматтар көп.

«Жас келсе, іске» дейді. Жас азаматтардың өз білімі мен біліктілігін, бойындағы қайратын халыққа пайдалы іске жұмсауға ниет қылғаны қуантады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.