МЕРКІДЕ ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

103
Меркі ауданына қарасты Екпінді ауыл жұртшылығының ауызбіршілігімен асарлатып салынған мешіт құрылысына жеке кәсіпкер Алмас Рахымбаев қаржылай демеушілік жасаса, ауыл тұрғындары да ізгі амалдан қалыс қалған жоқ.
✅Алла үйінің ашылуында алдымен құран оқылды. Одан кейін облыстық «Ғибатулла Таризи» мешітінің бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы сөз алып, мешіттің ашылуымен құттықтады.
Одан кейін, ауыл жұрты жамағат болып, намаз оқып, ас берілді.
Жамбыл облысының Өңірлік
коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.