2022-2023 ЖЫЛДАРДЫҢ ЖЫЛЫТУ КЕЗЕҢІ ҚАРСАҢЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ОСАЛ ТОПТАРЫ ТҰРАТЫН 6 288 ТҰРҒЫН ҮЙ ЕСЕПКЕ АЛЫНҒАН
Профилактикалық тексеру барысында 1 693 тұрғын үйде өрт қауіпсіздігі талаптарының 2 981 бұзушылығы анықталған, олардың басым бөлігі электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын, автономды жылыту жүйелерін пайдалануға байланысты. Қазіргі уақытта 1 164 өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша бұзушылықтар жойылған.
Газдың және жану өнімдерінің қауіпті концентрациясын анықтау үшін тұрғын үйге датчиктерді орнату жұмыстары жалғасуда. Соңғы 2 жылда жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 3 345 улы газ бен табиғи газ датчиктері орнатылыпты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі – Мақсат Әкімбаев айтты.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі