Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, Жамбыл ауданындағы үлкен аумақты алып жатқан «Казфосфат» зауытының үйінділерін шаруалар кәдеге жаратуға кірісті.
Қалдықтар егістікке, сортан және сор жерлерге төселіп, тұзды өзінің бойына сіңіру арқылы өнімнің өнуіне жақсы әсер етеді. Оның үстіне алқаптағы өнімділікті екі есе арттыруға мүмкіндік береді. Құрамында фосфор бар үйінді топырақтағы тұздармен араласып оны тыңайтады. Гектарына қажетті мөлшері 5 тоннаны құрайды. Бұл өз кезегінде аймақтың басты мәселесіне айналған үйіндіні аздап болсын азайтуға септігін тигізуде. Қолқусырып отырғаннан осылай әрекет жасағанымыз жөн.
Бүгінгі күнге 2560 тонна үйіндіні шаруалар алқабына жеткізілген.
Тыңайтқышқа өтінім беру үшін шаруа жергілікті әкімдіктегі ауылшаруашылығы бөліміне сұраныс жолдауы керек.
Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданы әкімі