13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

110

Желтоқсанда Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Жас спортшылар барлығы 16 медаль жеңіп алды, оның үшеуі Абай облысының еншісінде деп хабарлады turkystan.kz
ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

Облыстық әкімдік мәліметіне сенсек, блиц турнирінде әр елден келген шахматшылар арасында 13 жас аралығында алтын медалін жеңіп алған Сұлтанбейбарыс Думанұлына тең келетін ешкім болмаған.

13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

Классикалық шахмат турнирінде де өз жас тобында 1-орынға ие болып, ФИДЕ халықаралық шебері атағына қол жеткізді.

13 жастағы семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

Ал рапид шахмат турнирінде Сұлтанбейбарыс қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, оның қарындасы Әлфараби Думанқызы рапидтен 15 жасқа дейінгі категорияда 4-орынға ие болды.

https://turkystan.kz/article/207643-13-zhastagy-semeylik-shahmatshy-okushylar-arasynda-aziya-chempiony-atandy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.