СЕМИНАР – КЕҢЕС ӨТТІ

257
Аудандық мәдениет үйінде Сарысу ауданында мемлекеттік қызмет көрсететін заңды тұлғаларда сыбайлас жемқорлықтың алдын – алу мен әдеп нормаларын сақтауды насихаттау туралы семинар — кеңес өтті.
Семинарға Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Бекпатшаев Елдос Сайлауұлы, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, бөлім қызметкерлері, Жаңатас қаласы және ауылдық округ әкімі аппараттарының қызметкерлері, мектеп директорлары мен білім бөлімінің мамандары қатысты.
Семинар – кеңесті аудан әкімі аппаратының басшысы Ж. Сақыпбеков ашып, жүргізді.
Жиында күн тәртібіндегі мәселе байланысты, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауларындағы мемлекеттік қызмет түрін сапалы көрсету мақсатында берген тапсырмаларының ауданда орындалуы туралы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы Ж. Құдайбергенов баяндаса, Сарысу адалдық алаңы жобалық кеңсесінің ағымдағы жылы атқарған жұмыстары туралы Сарысу адалдық алаңы жобалық кеңсесінің жетекшісі Ш. Бейсенбайұлы айтып өтті.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен әдеп нормаларын сақтауды насихаттау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіл Бекпатшаев Елдос Сайлауұлы сөз сөйлеп, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттың негізі басымдықтарының бірі екендігін айтып, жиналғандарды әдеп нормаларын сақтауға шақырды.
Семинар барысында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастарының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған тақырыптық қойылым көрсетілді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.