Қауіп-қатерлер картасына енгізілген 10 мәселе шешімін тапты

208
Өңірде қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы басты назарда. Өйткені, қоғамдық ахуал тұрақты болса ғана, экономика дамып, әлеуметтік мәселелер өз шешімін табады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингі барысында облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев осылай деді. Еркін Құлымбайұлының айтуынша, екі жыл бұрын бастау алған «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында облыс орталығы мен аудандардағы этнос өкілдері тығыз орналасқан елді-мекендердің барлығы дерлік қамтылуда.
Бүгінгі күні өңірімізде қоғамдық-саяси және діни ахуал тұрақты. Бұл тұрғыда дін істері, ішкі саясат және Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бірлесе жұмыстар атқаруда. Өзге ұлт қалың шоғырланған ауыл-аймақтардың әлеуметтік картасындағы маңызды мәселелерді шешу, «Бейбітшілік және келісім» жобасы шеңберінде шараларды күшейту қолға алынған. Мешіттерде уағыздар негізінен дәстүр мен жастар тәрбиесіне, рухани жаңғыруға негізделіп жүргізілуде. «Қоғамдық қабылдау тобының» жұмысы жандандырылып, жалғасын тапты.
Қазіргі таңда өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Облыстағы 371 елді мекеннің этностар тығыз орналасқан 32-і бойынша әлеуметтік карта әзірленген. Мониторинг аясында анықталған тұрақсыздыққа алып келуі мүмкін мәселелер қауіп-қатерлер картасына енгізілуде. Жыл басында бұл картада 39 мәселе болса, қазір ондағы 10 мәселе шешімін тапты, — деді аймақ басшысының орынбасары.
✔️Сондай-ақ спикер әлеуметтік салалардағы тындырымды тірліктерге кеңінен тоқталып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті билік тарапынан атқарылған шаруаларды айтып өтті.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.