Қауіпсіздік шаралары қаперден шықпауы тиіс

810

Үстіміздегі жылдың 20 шілдесі күні су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Талас өзенінің жағалауында және Тараз қаласында орналасқан «Зербұлақ» демалыс орнында «Су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігі» тақырыбында рейдтік шаралар өткізілді, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің білім басқармасына сілтеме жасап.

Аталмыш шара облыстық білім басқармасының бастамасымен білім мекемелерінің еріктілерін жұмылдыру арқылы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Рейдтік шаралар барысында қала тұрғындары мен балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жаз маусымында су айдындарындағы қауіпсіздік талаптары туралы жадынамалар таратылды.

Рейд өкілдері тұрғындарды шомылу маусымында қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертті.

1. Тиым салынған таныс емес жерлерде суға түспеңіз;
2. Шомылып жатқанда балаларыңызды су жағалауларында қараусыз қалдырмаңыз;
3. Суда қауіпті ойындарды ойнауға жол бермеңіз;
4. Қолдан жасалған бөренелермен, ағаштармен жүзбеңіздер!

Leave A Reply

Your email address will not be published.