Бұл үйлер келесі аптадан бастап жөнделеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Әкімдік қызметкерлерімен бірге пәтерлерді аралап шықтық. Апат салдарынан барлығы зақымдалған 50 шақты пәтер анықталды. Бұл үйлерге дүйсенбіден бастап бригадалар кіріп, адам тұратындай жағдайға келтіреді. Қалған өтініштер топтастырылғаннан кейін жұмыс басталады. Егер де комиссия тұрмыстық техника апат салдарынан істен шыққанын растаса, шығын өтеледі», – деді «ОАЭК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Леонид Янушко баспасөз конференциясында.