«Жоқ балаға ақша жинаған»: Ақмола облысында алаяқ ұсталды

175

Ақмола облысында қайырымдылықты пайдаланып, алаяқтық жасаған күдікті ұсталды деп хабарлады 08 инфо  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласының 35 жастағы тұрғынының өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты.
Өтініш берушінің айғақтары бойынша, оған белгілі блогер ретінде Ақмола облысының тұрғыны хабарландыру жариялауды сұраған. Әйел блогерге баланы емдеу үшін қаржы қажет екенін түсіндіріп, банк картасының нөмірін берген.
Әлеуметтік желіде хабарландыру жарияланғаннан кейін және ақша түскеннен кейін Щучинск тұрғыны өзі туралы жалған ақпарат бергені әрі оның балалары жоқ екендігі белгілі болды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті анықталды, ол Щучинск қаласының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.