ҚАБЫЛДАУ

199
 Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев тұрғындармен жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді.
Жеке мәселелер бойынша 8 адам аудан басшысының қабылдауында болды. Қабылдауда тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек, жер, тұрғын үй алу, жұмысқа орналасу сияқты мәселелер көтерілді.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді. Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, алдағы уақытта жұмыс жүргізілетіндігі айтылды. Сонымен қатар, кейбір мәселелерге байланысты жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.