ЕЛ АНАСЫ БАЙЗАҚТА

94

«Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Qazaqstan dauiri» халықаралық қоғамдық-саяси газеті және «Мөлдір бұлақ» журналының бас директоры  Сәуле Мешітбайқызымен кездесу өтті. Оған аудан әкімнің орынбасары Дәуір Дәулетов, аудан әкімдігіне қарасты бірқатар бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы Сәуле Мешітбайқызының еңбектері жайында айта келіп, бүгінгі таңда атқарып отырған жұмыстарын, үнемі қоғам үшін өзекті мәселелерді көтеріп жүргендігін тілге тиек етті. Бұдан соң С. Мешітбаеваның басқаруындағы «Qazaqstan dauiri» басылымының ауыл мәселесін көп қозғайтындығына тоқталды.
Өз кезегінде Сәуле Мешітбайқызы  ауданымызға іссапармен келгендігін жеткізді. Өзі басшылық ететін басылымда Байзақ ауданында «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен ауыл игілігі үшін жүзеге асып жатқан Түймекент, Үлгілі, Қостөбе ауылдық округтеріндегі Жамбыл облысындағы тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыруға бағытталған пилоттық жобаның жемісі жөнінде ақпаратпен қанықты.  Газеттің әр санынан Жамбыл облысына қарасты аудандарға арнайы бір бет арнайтындығын айта келе «Qazaqstan dauiri» газетіне жазылуға кеңес берді.

Әрмен қарай С. Мешітбаева Бурыл ауылдық округіне барып, сол жақтағы № 6 және Бурыл орта мектебінің оқушыларымен кездесіп, ұлағатты әңгіме өрбітіп, өмірлік жолы жайында мағлұматтарымен бөлісті.

 

 

«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.

Leave A Reply

Your email address will not be published.