Өңірде соңғы екі аптада коронавирус инфекциясын жұқтырған 42 жағдай тіркелді. Мұндай деректер Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ және Қордай аудандарына тиесілі. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова халықты КВИ-ға қарсы вакцинациялау үшін барлық емханаларда егу пункттері тұрақты жұмыс істеп жатқанын айтты.
— Жыл басынан бері облыс аумағында КВИ-ның 7 704 дерегі тіркелді. Ал соңғы тәулікте 8 факт анықталып отыр. Инфекцияның репродуктивтілік көрсеткіші жоғары. Бұл вирустың халық арасында белсенді айналымы мен таралуын көрсетеді. Оған облыстың жасыл аймақта орналасқаны да өз әсерін тигізуде.
Бүгінгі таңда ковид төсек-орындарының толығу көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 40 пайызды құрайды, — деген Неили Орынбасарқызы тұрғындарды эпидемиологиялық жағдайды сақтау мақсатында вакцинациядан бас тартпауға шақырды.
Айта кетейік, өңірімізде «QazVac», «Sinopharm», «Comirnaty» және «Pfizer» вакциналары жеткілікті мөлшерде.
———————————————————-
ЗА ПОСЛЕДНИЕ СУТКИ ЗАРЕГИСТРИРОВАНО 8 ФАКТОВ COVID-19
За последние две недели в регионе зарегистрировано 42 случая COVID-19. Факты заражения обнаружены в городе Таразе, Жамбылском, Байзакском и Кордайском районах. В ходе брифинга в региональной службе коммуникаций заместитель руководителя областного департамента санитарно-эпидемиологического контроля Неили Муликова сообщила, что во всех поликлиниках работают прививочные пункты для вакцинации населения против КВИ.
С начала года на территории области зарегистрировано 7 704 факта КВИ. А за последние сутки выявлено 8 случаев. Показатель репродуктивности инфекции высокий. Это свидетельствует об активной циркуляции и распространении вируса среди населения. На это также влияет тот факт, что область находится в зеленой зоне.
На сегодняшний день показатель заполняемости covid коек составляет 40 процентов на 100 тыс. населения, — подытожила Неили Орынбасаровна и призвала жителей в целях сохранения эпидемиологической ситуации не отказываться от вакцинаци.
Отметим, что в регионе имеется имеется достаточный запас вакцин «QazVac», «Sinopharm», «Comirnaty» и «Pfizer».