АППАРАТТЫҚ КЕҢЕСТЕ

138
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтың төрағалығымен аудандық аппараттық кеңес өтті.
Аппараттық кеңестің күн тәртібінде бірінші «Орындаушылық тәртіп мәселесі туралы» қаралды. Аудандық хаттамалық тапсырмалардың орындалуы, жеке қабылдаулар өткізу және тағы басқа да орындаушылық тәртіпке байланысты аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімшесінің басшысы З. Сейдалиев баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «2022 жылы мемлекеттік грант қаражаты есебінен ашылған кәсіпкерлік нысандардың жағдайы мен құрылған жаңа жұмыс орындары» туралы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры А. Назарбеков баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе «Қыс мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» бойынша баяндамашы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Ж. Нұрмаханұлы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасары Е.Есмаханов ауданда денсаулық сақтау саласындағы міндетті сақтандыру, тұрғындарды тіркеу ақпараттық жүйесі тақырыбында баяндаса, жаңадан ашылған «Сарысу көмек» қайырымдылық қорының төрайымы Г. Мороз аталған қордың қайырымдылық шаралар үшін маңызына тоқталды. Аудан азаматтарының қор арқылы қайырымдылық, ізгілік шараларға ат салысу керектігін айтты.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, тиісті тапсырмалар берілді.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.