«АДАМДАР ЕҢ АЛДЫМЕН» АРНАЙЫ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

217
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 5-7 желтоқсаны аралығында «АДАМДАР ЕҢ АЛДЫМЕН» арнайы бағдарламасы бойынша мемлекеттік көрсететін қызметтер бағытында жұмыс жасайтын жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін ҚР Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында оқыту жүргізілуде.
Оқыту курсының мақсаты — мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша кәсіби құзіреттіліктер мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталаған.
Оқыту бағдарламасы: сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ, күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамту болып табылады.

Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.