Айтылды. Орындалды

217
Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков ағымдағы жылдың 5-ші қазанында «Қайнар» алқабының тұрғындарымен кездескен болатын. Кездесуде халық ауыз су, жаңадан бой көтерген 61-ші мектептің айналасындағы қауіпсіздікті сақтау: жаңа көпір, тротуар салу, 2 аялдама, көше жарығы мен бағдаршам орнату мәселелерін көтерген болатын.
Аталған аумақтарды орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету үшін жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. Келер жылы республикалық бюджетке өтінім беріледі. Жоба мақұлданған жағдайда 2023-2024 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізіліп, қайнарлықтар таза ауыз сумен қамтамасыз етілмек.
61-ші мектептің аумағындағы қауіпсіздік мәселесі де кезең-кезеңімен өз шешімін табуда. Бірер күн бұрын тротуар салынды. Бүгінде бағдаршам, аялдама, көпір, жарық жүргізу үшін қажетті желілер мен жарықшамдарға мердігер тарапынан тапсырыс берілді. Таяу күндері орнатылатын болады.
Аталған жұмыстар үнемделген қаражат есебінен жүргізілуде.

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.