Байзақ ауданың әкімі халықпен кездесті

176
Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов өзінің халықпен кездесуін Үлгілі ауылында жалғастырды.
Кездесуде алдымен аудан басшысы Бақыт Қазанбасов биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
✅«Ауданымызда ауыз толтырып айтатындай жақсы жұмыстар бар. Бүгінге дейін барлық ауылдық округтерде жиын-терін жұмыстары ұйымшылдықпен аяқталды деуге болады. Түсім жақсы. Сондай-ақ биыл 8 елді мекенге ауыз су тартылса, ауданымыздағы елді-мекендер 99 пайыз газбен қамтылған. Абай, Түймекент, Байзақ ауылдарында 20-30 келушіге, ал Сарыкемер ауылында 250 келушіге арналған емханалар салынуда. Аталған нысандардың барлығы да алдағы желтоқсан айында пайдалануға берілетін болады. Шахан, Көктал ауылдарында Мәдениет үйі салынып жатса, «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша 6 ауылдың жолдары жөнделуде. Бұл жұмыстар да желтоқсан айында түгелдей бітеді деп жоспарланып отыр. Бұлардан басқа мәдени, спорттық нысандарда соғылып, ел игілігіне берілуде»,-деді аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы.
Жиында сондай-ақ ауыл тұрғындары шаруа қожалығын ашу үшін жер сұраса, басқа тұрғындар көше бойындағы газ трубасына арка орнатуды сұрады.
Ауыл тұрғындарының сұраныстарын мұқият тыңдаған аудан әкімі Б.Қазанбасов оның кейбіріне сол жерде жауап берді. Ал кейбір мәселелер зерделеніп барып, орындалуына жұмыс жасалатынын жеткізді.

Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.