ҚР «Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңның қоғамға тиімділігі туралы

214

18.11.2022 жылы облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіровтың төрағалығымен, облыстық және қалалық әкімдіктің, құқық қорғау органдарының басшылығының, облыстық кәсіпкерлер палатасы өкілерінің, маслихат депутаттарының, адвокаттардың, үкіметтік емес ұйымдардың басшыларының және БАҚ-ның өкілдерінің қатысуларымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, жаңадан қабылданған ҚР «Прокуратурасы туралы» Конституциялық Заңының негізгі ерекшеліктері атап өтілді.

Жиында облыс прокуроры бұл заңның қабылдану мақсаты прокуратура органдарының қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру және құзыретін кеңейту ғана емес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың, қоғам мен мемлекеттің, бизнес өкілдерінің заңмен қорғалатын мүдделерін сақтайтын және бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіретін, құқық қорғау, өзге де мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіретін, қоғамдағы барлық заңдардың мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ететін  бірден-бір жоғарғы акт екендігін және тарихымызда ең алғашқы прокуратура органдарына қатысты конституциялық мәртебесі бар бұл заңның құқық қорғау саласында рөлі ерекше болатындығыатап айтты.

Сонымен қатар, облыс прокуроры аталған заңның басқада бірнеше негізгі ерекшеліктеріне тоқталды:

Бірінші, өткен практикаға сәйкес,  көптеген шағымдармәні бойынша қарау үшін өкілетті мемлекеттік органдарға бағытталып, бұл шектеулер азаматтардың наразылықтарын  тудырған.

Ал, жаңа заңға байланысты, прокуратура органдарымен қаралатын өтініш тізімдері кеңейтілді және мемлекеттік органдарға қатысты және уәкілетті орган болмаған жағдайдағы шағымдарға прокуратура жауап беруге және тиісті шараларды қолдануға міндетті болды.

Екінші, Бас прокурор Конституциялық Сотқа конституция нормаларын, халықаралық шарттардың, нормативтік құқықтық актілердің конституцияға сәйкестігін түсіндіру жөнінде жүгіне алатын болады.

Конституциялық Сотқа жүгіну құқығы мемлекеттік органдардың арасында тек Бас Прокурорға жәнеАдам құқықтары жөніндегі уәкілге ғана берілген.

Үшінші, енді прокурорлар елден заңсыз шығарылған сырттағы активтерді қайтарумен тікелей айналысады.

Сонымен қатар, прокурорларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді шетелден қайтару, оның ішінде қылмыстық процестен тыс мемлекеттің мүддесін білдіру бойынша халықаралық ынтымақтастық жөніндегі қызметті үйлестіру жұмысы берілген.

Төртінші, прокуратураға кәсіпкерлік субьектілерін тексеру құқығы берілді.

Бірақ, жеке кәсіпкерлік субьектілерін тексеру ҚР Президентінің, Бас Прокурордың тапсырмасымен және олардың келісімі бойынша ғана жүргізіледі.

Бесінші, бұрын прокурорлар тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен жедел іздестіру салалары бойынша ғана нұсқаулар беретін болса, қазір әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қосымша тексеріс жүргізу, атқарушылық іс жүргізуге, жазаларды орындауға, прокуратураның талабы бойынша жүргізілетін тексерулерге, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу мәселелері бойынша да жазбаша нұсқаулар бере алады.

Алтыншы,бұрынғы тәртіптік іс жүргізуді қозғау, тексеріс жүргізу, күштеп әкелу, құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру немесе шектеу шаралардың күшін жою туралы қаулылардан басқа,  жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу, күзетпен ұстау, пробация есебінде тұрған адамдарға қатысты тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою, лауазымды және өзге де адамның актісін немесе әрекетін тексеру не өтінішті қарау аяқталғанға дейін үш жұмыс күніне дейін тоқтата тұру, сот орындаушыларының заңсыз актілерінің күшін жою және прокурорлық қадағалау актісін мәжбүрлеп орындату туралы қаулыларды қабылдау құқығы берілді.

Жетінші, жаңа заң бойынша прокурорлар өз құзыретіне сәйкес, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істерге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерге, атқарушылық іс жүргізуге және өзге де материалдарға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының және өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері мен ресурстарына ҚРзаңнамасында белгіленген тәртіппен қол жеткізуге құқылы.

Облыс прокуроры өз сөзін қорытындылай келе, алдағы уақытта еліміздің тұтастығын сақтау және азаматтарымыздың бостандығы мен құқықтарын қорғау жолында қабылданған бұл заңның атқаратын рөлі ерекше болатындығын айтты.

Жамбыл облсының прокуратурасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.