Ұлттық валюта күніне орай аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов қаржы саласы қызметкерлерін қабылдап, құрмет көрсетті.
— Сіздердің ел экономикасының дамуы мен өркендеуіне қосып жүрген үлестеріңіз зор. Еліміз өз тәуелсіздігін алғалы бері Ұлттық валютамыз пайда болып, бүгінгі таңда төл теңгемізді бүкіл әлем танып келеді. Осы орайда ұлттық валюта күнімен қатар қаржы саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Қаржы саласында еңбектенген қаржыгерлер аудан дамуына аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Бүгінгі мерекені пайдалана отырып, еңбектеріңізге табыс, дендеріңізге саулық тілеймін. Алдағы күндеріңіздің жемісті болуына тілектеспін, – деді Дәуір Рысбайұлы.
Құттықтау сөзден соң марапаттау рәсімі басталды. Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Шарипа Асанова және аудандық қазынашылық басқармасы қаржылық және шарттарды тіркеу тобының бас маманы Танакөз Арғымбаева аудан әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталса, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бас маманы Жанар Үсенбаева, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ менеджері Римма Жұмағұлова, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ контроллер-кассирі Гаухар Бекмолдоева, аудандық қазынашылық басқармасының хатшысы Ғалия Ізтілеуоваға аудан әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Еңбектерін елеп, құрмет көрсеткендері үшін жиынға қатысқан қаржы саласының мамандары алғыстарын айтып, естелік суретке түсті.
Арайлым НАРБАТЫРОВА.