Жақында Сарыкемер ауылы №3 Байзақ колледжінде өрт-тактикалық сабақ өткізілді. Шараның мақсаты–білім беру мекемелеріндегі өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен колледж қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру. Сабақ барысында колледждің оқу корпусының 2-қабатындағы оқу кабинеттерінің бірінен өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін мектеп қызметкерлерімен ғимараттан барлық қызметкерлер, оқытушылар мен тыңдаушылар қауіпсіз орынға көшірілді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 1 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, медицина қызметіне тапсырды. Жалпы өрт-тактикалық сабаққа Өрт сөндіру бөлімінен 1 (АЦ-5-40) бірлік өрт сөндіру автокөлігі, сондай-ақ 1 жедел медициналық көмек бригадасы және жергілікті полиция қызметкерлері 1 жедел қызметтік автокөлігімен жұмылдырылды.
|
«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.