ҚОРДАЙЛЫҚТАР ҚАРҚЫНЫ

197
Қордай ауданы бойынша 54 сайлау учаскесі бар. Таңғы 06.00-ден барлық сайлау учаскелері дайындық жұмысын бастап кетті. Сайлау учаскелері сағат 07.00 де әнұран орындалуымен ашылады.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Ел тарихындағы маңызды науқаннан қалыс қалмай, өз учаскеңізге келіп, дауыс беруге келіңіз!
АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫ ДАУЫС БЕРУДЕ
Ауылдардағы сайлау учаскелері үзіліссіз жұмыс жасайтын болады.
Комиссия мүшелерімен бірге Әнұранды тыңдап, дауыс беріп үлгерген тұрғындар да бар.
Алғашқылардың бірі болып дауыс берген Жамбыл облысының және Қордай ауданының Құрметті азаматы Т.Сүгірбай Д.Қонаев атындағы орта мектепте орналасқан №240 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бұл саяси науқанның елдің дамуы мен болашағында маңызы жоғары. Сондықтан да, береке-бірліктің үлгісін көрсетіп, ел болып жұмыла атқарайық, ағайын.
Бүгін Президенттікке үміткерлердің арасынан көңілімізге қонымды кандидатқа дауыс бердік, дұрыс таңдау жасағаныма сенімім мол», – деп ақсақал өзінің сайлауға қатысты пікірін білдірді.
БІРІНШІ БОЛЫП ДАУЫС БЕРГЕН САЙЛАУШЫЛАР
Қазақстан Республикасының Президентін сайлау науқаны басталып, таң азаннан Қордай ауданындағы 54 сайлау учаскесі азаматтарға есігін айқара ашты.
Өз таңдауларын жасауға асығып келген тұрғандар қатары да көп.
Бұл күнгі маңызды науқанға ауданымыздың барлық сайлау учаскелері лайықты түрде дайындалып, тұрғындар ел өміріндегі шешуші сәтке асқан жауапкершілікпен қарағанын айта кекен жөн.
Сайлаушылардың қатарында ауданның Құрметті азаматтары мен ардагерлер кеңесінің мүшелері де бар.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Әлімбет Д.Қонаев атындағы №240 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Президент сайлауынан күтеріміз көп, себебі сайлауға қатысып жатқан кандиаттардың бағдарламалары елдің тіктеуіне, халықтың жағдайының жақсаруына бағытталған.
Сондықтан барша халқымызды Президент сайлауына қатысуға шақырамын», деп өз пікірін білдірді.
Кененде келушілер саны көп
Кенен ауылындағы мәдениет үйінде орналасқан 259 сайлау учаскесінде жұмыс қызу. Ауыл халқы үлкен азаматтық позиция ұстанып, таңмен келіп өз таңдауын жасауда. Сайлау учаскесіне келіп, бірінші болып ауыл ақсақалы Жамбыл Сатыбалдиев дауыс беріп, комиссия мүшелеріне жұмыстарың жемісті болсын, деген тілегін жеткізді.
Аудан әкімі дауыс берді
Аудандық Мәдениет үйінде орналасқан 239 сайлау учаскесінде Қордай ауданының әкімі Мәден Мұсаев дауыс берді. Ел болашағының жарқын болуы үшін тарихи таңдау сәтінде азаматтық танытып, таңмен сайлау учаскелеріне асыққан қордайлықтарға алғысын білдірді.
Мәден Тоқтарбайұлы сонымен қатар дауыс беруге келген ақсақалдарға да ризашылығын білдіріп, белсенділік танытқандары үшін алғысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.